Енді QR банктерді бәріміз біріміз үшін біріміз бәріміз үшін деген шартқа жақындатты. Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң шеңберінде барлық банктерді осы жүйеге міндетті түрде қосу бекітілетін болады. Қазақстанның Ұлттық банкі бірқатар банктермен бірлесіп 2025 жылдың соңына дейін бірыңғай QR-кодты енгізуді жоспарлап отыр, келесі жылдан бастап жүйеге қалған банктер қосылады, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Бинур Жаленов, деп жазады Egemen.kz.
Open API платформасы мен Банкаралық мобильді төлем жүйесі цифрлық төлем экожүйесінің өзегін қалыптастырады. Ол сондай-ақ телефон нөмірі бойынша аударымдарды және цифрлық теңгені қолдауды қамтиды. Бұл пайдаланушыларға сатып алуларға ақы төлеуге және банктер арасында ақшаны жылдам әрі ыңғайлы аударуға мүмкіндік береді - шот қай банкте ашылғанына қарамастан, QR-кодты сканерлеу арқылы пайдалана береді. Банкаралық QR-кодты енгізу шағын және орта бизнес үшін процесті айтарлықтай жеңілдетеді: енді сатушыларға түрлі банктер үшін бірнеше терминал қажет болмайды. Бұдан басқа, бұл банктердің төлемдерді өңдеуге арналған шығындарын азайтады және пайдаланушыларға бірыңғай және ыңғайлы шешім ұсына отырып, банкаралық өзара іс-қимылды жеңілдетеді.
2025 жылға дейін еліміздің барлық банкі бірыңғай QR-код төлем жүйесіне көшетіні, ол кезде он шақты POS-терминал ұстап, әр терминалды жеке-жеке пайдалану қажеттілігі жойылатыны осыған дейін талай рет айтылған.
Жайлы бастама жақсы жаңалық болғанымен, дайындығы біршама уақытқа дейін, Жайлы бастама жақсы жаңалық болғанымен, дайындығы біршама уақытқа созылды.
2025 жылы мамырда:
төрт банк - өнеркәсіптік пайдалануда (яғни қазірдің өзінде пайдалануда); төрт банк - тестілеуден өтеді; бес банк - интеграцияны пысықтайды.Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң шеңберінде барлық банктерді осы жүйеге міндетті түрде қосу бекітілетін болады. Open API платформасы мен Банкаралық мобильді төлем жүйесі цифрлық төлем экожүйесінің өзегін қалыптастырады. Ол сондай-ақ телефон нөмірі бойынша аударымдарды және цифрлық теңгені қолдауды қамтиды.
Енді барлық банктер үшін бірыңғай QR код болады
Банкаралық QR-кодты енгізгеннен кейін кәсіпкерлер әртүрлі банктердің терминалдарын орнатып жүрмейді. Осылайша терминалдарға кететін ақшаны үнемдейді. Ал қарапайым халық бірыңғай QR-кодпен елдегі кез келген банктің терминалы арқылы төлем жасай алады, ал екінші деңгейлі банктер банкаралық транзакцияларды өңдеу құнын төмендету есебінен шығындарын оңтайландырып, клиенттер үшін төлем қызметтерін кеңейтуге мүмкіндік алады.
- Ұлттық банк банктер туралы жаңа заң аясында барлық банктерді осы экожүйеге міндетті түрде қосуды көздейтін заңнамалық түзетулерге бастамашылық жасады. Яғни, келесі жылдың басынан бастап жүйеге қатысу және төлемдерді қабылдау, аударымдарды жіберу міндеттемесі Қазақстандағы әрбір банкте болады деп есептейміз, - деді ол.
Оның айтуынша, QR бойынша банкаралық төлемдерді екінші деңгейлі банктермен бірге 2025 жылдың тамызында іске қосу жоспарланған.
Жүйенің көмегімен сатып алушының қай банкте қызмет көрсетілетініне қарамастан кодты пайдалана отырып, төлеуге болады.
Технологияны әзірлеу бірнеше жылға созылды
Оны енгізу техникалық қиындыққа байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылды. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов жүйенің 2024 жылдың соңына дейін іске қосылатынын мәлімдеді. Ол барлық банктердің қатысуы «міндетті мәселе» екенін атап өтті. 2022 жылы жобаны әзірлеу туралы сауда және интеграция экс-вице-министрі Әсел Жанасова айтқан болатын.
Қазіргі уақытта Қазақстанда QR-код бойынша төлемдерді 10 банк қолдайды: Halyk Bank, Jusan Bank, Kaspi.kz, Altyn Bank, Freedom Bank, Eurasian Bank, Home Credit Bank, ЦентрКредит Банкі және ForteBank. Қалғандары осы функцияны енгізудің әртүрлі сатыларында. QR арқылы төлеу бойынша көшбасшылар Kaspi.kz және Halyk Bank болып табылады